«Күз Ханшайымы-2022» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2022

«Күз Ханшайымы-2022»

14.10.2022 жыл күні  мектебімізде «Күз Ханшайымы-2022»   арулар сайысы болып өтті. Сайысқа 8-10 сыныптардан  9 ару қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Төрт айналымнан тұратын сайыстың ережесі бойынша арулар өзін таныстыру, «Ас адамның арқауы», «Өнерлі өрге жүзер»Я және  күзгі сән үлгілерін  көрермендер назарына ұсынып, әділқазылардың оң бағасына ие болды. Он саусағынан өнері тамған, әдемі де сымбатты, көркіне ақылы сай қыздарымыздың  тынымсыз еңбектері жан-жақты сараланған ұпай нәтижесінде І-орынды А.Бритнер еншілесе, ІІ-орын және ІІІ-орынды  А.Тулеубек пен А.Жолдыбаевалар бөліске салып, 9-сынып оқушысы Оралтаева Аделия «Бас жүлде» мен  «Күз Ханшайымы-2022»  атағын жеңіп алды. 
«Көрермен көзайымы», «Он саусағынан бал тамған», «Өнерлі қыз» т.б номинациялары берілген қатысушылармыз келер жылдан көп үміт күтетіндерін айтып, сайыстың жеңімпаздарына құттықтау лебіздерін білдірді.
Қатысушыларға қолдау көрсетіп, жанашыр жанкүйер бола білген  ата-аналарға, киокушинкай-кан каратэ жаттықтырушы М.Амангельдіұлына.,сынып жетекшілеріне және оқушыларға айтар алғысымыз шексіз!





Похожие публикации:

02 октябрь 2022 Ұстазға құрмет
22 октябрь 2018 Алтын күз мерекесі
18 февраль 2018 «Екі жұлдыз»