«Жаңашыл педагог» атты мектепішілік байқауы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңашыл педагог» атты мектепішілік байқауы өтті
25
ноябрь
2022

«Жаңашыл педагог» атты мектепішілік байқауы өтті

Жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында жас педагогтар арасында «Жаңашыл педагог» атты мектепішілік байқауы өтті. Байқауға 6 жас маман қатысты. Сайыс екі кезеңмен өтті. 
1-кезең "Педагогикалық дебют" - өздерінің таныстыруларын қорғаса, 
2-кезең педагогикалық идея немесе "Педагогикалық шеберлік қоймасы" атауымен өтті . Әр кезеңде жас мамандар өздерінің жан-жақтылыған көрсете білді. 
Әділ қазылар алқасының  мүшелері қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштер көрсетті:
1-орын Қабдығалиұлы Рамазан - физика пәнінің мұғалімі.
2-орын Берікболов Орынбек Дәулетұлы - тарих пәнінің мұғалімі.
3-орын Бейсенғалиева Ақбота Ерғазықызы- химия пәнінің мұғалімі.
Аудандық байқауға жолдама алған әріптесіміз Қабдығалиұлы Рамазанға сәттілік тілейміз.