Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында
25
сентябрь
2023

Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында

Маяковский атындағы орта мектебінде ардагер ұстаздарға арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты акция аясында сізге деген жүрегімізден шыққан жылы лебізімізді арнаймыз. Әр ұстаз алдында отырған әр шәкірттерінің қалыптасуына, білімі мен тәрбиесі жолында аянбай еңбек етіп, бар күш -жігерін салып тер төгеді. Ұстаз – ұлы есім. Осы ұлы есімді өзінің ұстаздық жолында ұлықтай білген, кейінгі жас маманға үлгі болған   ұстазымыз бастауыш сынып мұғалімі Касенова Зауре Дармешовна. Өз өмірінің қырық жылға жуық уақытын осы педагогикалық жолға арнады. Әр сабағы – бір әлем. Өйткені әр сабақтан оқушы сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыра отырып жаңа тақырыпты өткен сайын өзіне жаңалық ашатындай білім алды. Маяковский атындағы орта мектебінде замана көшіне сай ең алғашқылардың бірі болып қазақ сыныптарын ашуға ат салыстыңыз. Биыл міне, уақыт та зымырап сол мектебімізде алғашқы қазақ сыныптарының ашылғанына да 20 жыл толып отыр. Осы бір мерейлі мерекемен тұспа -тұс келген ұстаздар мерекесімен шын жүректен сізге алғыс білдіре отырып құттықтаймыз. Сізге мықты денсаулық, талмас қайрат,  әр күніңіз шуақты да нұрға толы болсын деп тілейміз. Біз сіздердің салып кеткен сара жолдарыңызды жалғастыра отырып, әр дайым еске алып  әрқашан есімізде сақтаймыз. Ата-аналармен, әр шәкіртке деген ерекше қамқорлығыңызбен, кішіпейілділігіңіз, өз ісіңізге деген адалдығыңыз біздің есімізде мәңгі қалады. Сіздің жүрегіңіз бен көңіліңіз әр дайым қуанышқа толы болсын.  Сізге   шын жүректен жанұяңызға бақыт, немере мен шөберенің қызығын көріп әр  күніңіз шаттыққа толы болсын, ұзақ ғұмыр тілейміз.