мектеп Президентін сайлау іс-шарасы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » мектеп Президентін сайлау іс-шарасы өтті
22
октябрь
2023

мектеп Президентін сайлау іс-шарасы өтті

Балалар мен жастарды табысты әлеуметтендіру және өзін-өзі тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ оқушылар арасында мектепте туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешу , шығармашылық белсенділікті іске асыру мақсатында 21 қазан күні мектебімізде  25 қазан Республика күніне орайластырылып мектеп Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Сайлауға дайындық шарттары шындыққа мүмкіндігінше жақын болды. Сайлау науқанының барлық негізгі кезеңдері қарастырылды: мектеп сайлау комиссиясын құру, кандидаттарды ұсыну, кандидаттарды тіркеу, үгіт кезеңі, дауыс беру, дауыстарды санау, хаттамалар жасау. Шешім мектеп әкімшілігімен келісілді. Ұсынылған 6 кандидатқа оқушылар мен ұстаздар өз дауыстарын беріп, белсене ат салысты. Сайлау нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған кандидат 10-сынып оқушысы Сансызбаева Элина  мектеп президенті болып тағайындалды.Құттықтаймыз! #өзін_басқару 
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#oqu_agartu_ministirligi
#aбайоблысыбілімбасқармасы