Республикалық "Қыз болашағы-ел болашағы" атты онкүндік » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық "Қыз болашағы-ел болашағы" атты онкүндік
11
октябрь
2019

Республикалық "Қыз болашағы-ел болашағы" атты онкүндік

Мектебіміздің  бүгінгі іс-шарасы  - республикалық    

"Қыз болашағы-ел болашағы" атты онкүндік.


Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар. Әубәкір сынды үлкен ақын «Қыз бала – үйдің бояуы» деген екен. Сол кісінің айтқанындай қыз әлемнің көркі, әрі ұрпақты көбейтуші. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен  астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтықсыз орындауымыз қажет.

Осы қағидаттарды  ұстана отырып, мектебімізде  қазанның 4 жұлдызынан  «Қыз болашағы-ел болашағы» атты республикалық онкүндік өз жұмысын бастап кетті.

Жасалған жоспар негізінде  ең алдымен  мектеп директоры Н.М.Садыкова  таңғы тізілісте  мектеп ұжымына,  оқушыларға он күндіктің мақсаты мен маңызын терең түсіндірде отырып, онкүндік аясында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысу- шарағы қосатын үлестері болып табылатындарын  айтып өтті.

Мектеп психологі  Фазымова А.Ж.  ұйымдастыруымен «Қыз қылығымен көрікті» атты тренингі  қыз балаларды  достыққа, ұйымшылдыққа, сенімділік пен силастыққа тәрбиелесе, мектептің би жетекшісі   Имбаева Қ.М «Біз ел болашағымыз!» деп ұран тастап, көпшілік назарына қазақ қызының бойынан табылатын нәзіктік пен инабаттылықтың нышанындағы қимыл-қозғалыстарын келтіре отырып орындаған   қыздарымыздың  флешмобын ұсынды.

Аудандық аурухана орталығынан арнайы шақырылған қонақтарымыз дәрігер гинеколог- Азбергенова Г.Г, акушер гинеколог- Балтабаева Т.К және әлеуметтік психологиялық көмек беру кабинетінің фельдшері Сулейменова С.С  жасөспірім қыз балалармен  әңгіме сұқбат жүргізіп, қажет деп тапқан кеңестерін берді. 

Сонымен қатар,  сынып жетекшілер, психолгтер мен мектеп инспекторының   бірлескен топтарымен қолайсыз отбасында, қамқоршы қолында  тәрбиеленіп жатқан қыз балалардың  жағдайлары қаралып, үйлері араланды.

Онкүндік алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретініне сеніміз мол,    себебі, болашақта да, қазір де сыр-сымбаты ақыл парасатына сай, адамгершілік    қасиеттерді өз бойына толыққанды топтастыра алған қыз тәрбиелеу біздің басты парызымыз болып табылатынын еш уақытта естен шығармауымыз қажет.