1 қыркүйек Білім күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек Білім күні

1 қыркүйек Білім күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-не алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін өзінің маңыздылығымен есте қалды. Әуендете орындалған әннің үнімен бал-бұл жанған жүздері «Әліппе» мен «Букварь» оқулығын қолдарына алып, ұлттың ұлы ұстазы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин атамыздың «Кел, балалар, оқылық!» ұранымен аяқтарын алшаңдай басып, өздерінің Тәуелсіз елдің еркін ұрпағы екендерін сезінуі- білім ордасы мен ата-аналар үшін бақытты сәттердің бірі болды. Салтанатты іс-шараның арнайы қонағы болып Жарма ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы Е.Қ.Сембинов және   ардагер ұстаздар келіп, бүлдіршіндерге «Әліппе» оқулығын табыстап, құттықтау сөз сөйледі.

Бүлдіршіндер құрметіне алғашқы қоңырауды соғу   салтанаты мектебіміздің ардагер ұстазы Н.Е.Баяндиновқа беріліп, қоңырау үнінің сыңғыр дауысы жарқын жол мен болашақтың кепілі болғандай әсер қалдырды. Өз сөзінде мектеп директоры Н.М.Садыкова білімге құштар бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік пен ақ жол тіледі.  

Сонымен қатар, Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай 2-11 сынып оқушыларымен  «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыптық сынып сағаттары өтіп, тарихы мол дамуымыздың шежіресі түсіндірілді. 

Ата-аналар мен оқушыларға, мектеп ұстаздарына Білім күні құтты болсын дегіміз келеді!