География және тарих пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » География және тарих пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті.
26
январь
2024

География және тарих пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті.

География және тарих пәндері бірлестігінің апталығы 22 - 26 қаңтар аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістемелік  бірлестігінің  отырысында талқыланды және бекітілді. Тақырыбы: «Туған жерін мен тарихынды танып біл...» Апталықтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих және география сабақтарының маңыздылықтарын ұғындыра білу, салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. Апталықтың бірінші күні ашылу «Тарих – дәуірлердің куәгері» атты музыкалық таныстырылым жүргізілді. География және тарих пәндерінің ұстаздары өздерінің сабақтарында оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін тиімді пайдаланып, ашық сабақтар өткізіп,  өз іс – тәжірибелерімен бөлісті. Омарова У.Ж. 9-сыныбында Қазақстан тарих пәнінен «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы»,  Берікболов О.Д  6 «В» сыныбымен дүниежүзі пәнінен  «Была Ли власть Юнлэ и Токугава такой же абсолютной как у западных монархов?», Насырова М.Н. 8 «А»- сыныбымен география пәнінен «Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау», Сахимова Г.Р. 10 «Ә» сыныбымен география пәнінен «Дүниежүзілік шаруашылықтың құрлымы», Аязбаева С.К  6 «Ә» сыныбымен  Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы», Есмуратов А.Қ 8 «А» сыныбында Қазақстан тарих пәнінен  «Қазақстандағы ұжымдастыру», Носуленко В.Н. 9 «В» сыныбында география пәнінен «Крупная физика географического района»,  Сапаш Е.Т. 10-сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Шыңғыс хан империясы және оның мұрагерлері», Аканова Ж.С. 11 «Б» сыныбында Қазақстан  тарихы пәнінен «Общественно-политическая мысль древних  философов» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. «БП ұлтық тәрбие –ұлттың болашағы деп санайды» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында  пікір-талас өткізілді.  9- сыныптар арасында «Қызық екен....»  интеллектуалды ойын тарих пәні мұғалімдері өткізді. 7 «А» сынып арасында  «Мергендер» сайысы Есмұратов А.Қ. өткізді. «Знатоки историй» тақырыбында сыныптан тыс- іс шара өткізілді.  Әр өткізген іс-шараның сарнайы  мадақтамалармен марапаттап, сыйлықтар берілді