Құрметті педагогтер! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2023

Құрметті педагогтер!

Оқу-ағарту Министрлігінің орта білім беру комитеті педагогтерді аттестаттау рәсімі бойынша 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрыққа өзгерістер енгізуді дайындауда.
Педагогтерді аттестаттауды автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа жүйеде портфолио жинау толығымен алынып тасталады, яғни мұғалімдерге қағаз портфолиосын жинаудың қажеті жоқ.
Мұғалімдер тестілеуді тек оқытатын пәні бойынша тапсырады.
Қазіргі уақытта электрондық платформаны әзірлеу жалғасуда, бағдарламалық-техникалық жұмыстар жүргізілуде. Бұйрық жобасы сарапшылармен және педагогтер қауымдастығымен талқылануда.
Жаңа ереже 2024 жылы енгізіледі деп жоспарлануда. Жаңа ереже енгізілгенге дейін қолданыстағы аттестаттау ережесі қолданылатын болады.
Қосымша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барлық педагогтармен жүргізілетін болады. Сондықтан ресми дереккөздерге ғана сенуіңізді сұраймыз. Барлық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланады.