"Эмоциялардың сиқырлы әлеміне саяхат" атты психологиялық қызмет апталығы бастау алды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Эмоциялардың сиқырлы әлеміне саяхат" атты психологиялық қызмет апталығы бастау алды
13
ноябрь
2023

"Эмоциялардың сиқырлы әлеміне саяхат" атты психологиялық қызмет апталығы бастау алды

Бүгін, 13 қараша күні "Эмоциялардың сиқырлы әлеміне саяхат"  атты психологиялық қызмет апталығы бастау алды. Мақсаты: өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілеттерін дамыту негізінде әлемге сенімді және шынайы қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоцияларын бақылау дағдыларын қалыптастыру және басқалармен эмоционалды өзара әрекеттесуді дамыту. Апталықтың ашылуы мектеп психологтары И.Т. Тагиева, А.О. Ұлыбаева және әлеуметтік педагог А.Ж. Тюлегетаева бірлесе отырып, оқушылар мен педагогтарды ерекше ел – эмоциялар еліне саяхатқа шығуға, эмоциялар әлемімен танысуға, осы елдің атмосферасына енуге шақырудан бастады. Әр күннің өз атауы бар, мысалы, бүгінгі күн барлығына және жалпы әлемге арналған "Мен және айналамдағы әлем" деп аталды. Жақсы көңіл-күй-керемет сабақтың кілті. Әр мұғалім сабақтың басында әр түрлі әдістер қолдану арқылы дұрыс эмоционалды көңіл-күй қалыптастырды. Өйткені, 45 минуттық ауыр,  жалықтыратын және шаршататын жұмыстан гөрі, 40 минуттық көңілді және ынталы жұмыс нәтижелі өткендігі айдан анық. Үзілістер кезінде "Мен өзімді білемін" шығармашылық психологиялық зертханасындағы оқушылар мен мұғалімдер адамның эмоцияларымен танысуға, олардың эмоцияларын білуге, сондай-ақ басқа адамдардың эмоционалды реакцияларын тануға және өз эмоцияларын барабар білдіру қабілетін дамытуға бағытталған жаттығуларды ойнап, белсенділік танытты.  
--------------------------------
Сегодня, 13 ноября, началась неделя психологической службы «Путешествие в волшебный мир эмоций». Цель: формирование доверительного и аутентичного отношения к миру на основании развития способностей понимания собственных эмоций и эмоций других людей, формирование навыков контроля собственных эмоций и развития эмоционального взаимодействия с окружающими. Открытие недели началось с линейки, где педагоги-психологи Тагиева И.Т., Ұлыбаева А.О. и социальный педагог Тюлегетаева А.Ж. пригласили учащихся и педагогов отправиться в путешествие по необычной стране – по Стране Эмоций, познакомиться с миром эмоций, погрузиться в атмосферу этой страны. Каждый день имеет свое название, например, сегодняшний день посвящен каждому и миру в целом «Я и мир вокруг». Хорошее настроение — залог отличного урока. Каждый педагог в  начале урока через различные приемы создавал правильный эмоциональный настрой. Ведь 45 минут напряженной, но скучной и изматывающей работы едва ли продуктивнее, чем 40 минут веселой и увлеченной работы. Во время перемен учащиеся и педагоги в творческой психологической лаборатории «Познаю себя» играли  и выполняли  упражнения, направленные на знакомство с эмоциями человека, осознания своих эмоций, а также на распознавание эмоциональных реакций других людей и развитие умения адекватно выражать свои эмоции.