«Алтын күз» мерекесі болып өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2021

«Алтын күз» мерекесі болып өтті.

Мектепте  11-15.10.2021 жыл күндері аралығында «Алтын күз» мерекесі болып өтті. Оқушыларды еңбекке баулу, шығармашылығын дамыту мақсатында өткізілген мерекелік іс-шараларға 1-8 сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. 

«Күз кереметтері» қолөнер бұйымдары көрмесіне 1-2 сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесе жасаған шығармаларын қойса, 3 сынып оқушылары «Менің қиялымдағы күз» суреттерінен күзгі вернисаж ұйымдастырып, 4-5 сынып оқушылары күз туралы ақындар туындыларынан видеороликтерін түсірілімін ұсынды.  6-7 сынып оқушылары А.Құнанбаев, М.О.Әуезовтардың  «Жыл мезгілдері» шығармалары ағымындағы эссе жазса, 8 сынып оқушылары  «Сыбдыры сұлу алтын күз»  фотосуреттерінен тамаша бұрыштың әсерлі әрленуіне ат салысты.

Жыл сайынғы келетін күз мерекесі  осы жылы да мектебімізді өз келбетімен қуантып, молшылық пен жақсылықтардың нышанымен келер жылы қайта оралатыны бізді қуантады.