«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бүлдіршіндерге есігін айқара ашты... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бүлдіршіндерге есігін айқара ашты...
01
сентябрь
2023

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бүлдіршіндерге есігін айқара ашты...

Дәстүрге айналған «Алғашқы қоңырау» білім мерекесі «Маяковский орта мектебі» КММ-де салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Жарма ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.С Матанов, мектебіміздің қамқоршылық кеңесі мүшесі Қ.Ө.Бөпенова қатысты. Мерекелі күннің алғысөзін мектеп директоры Н.М.Садыкова алып, мектеп табалдырығын аттаған 64 бүлдіршінді  және оқушыларды төл мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы М.С.Матанов ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылына жаңа жетістіктер тілеп, «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдарын табыстады. 
Өткен оқу жылының жетістіктері аталып өткен  шарада  алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, мереке  шараға арналған ән-шашумен жалғасын тапты. 
Асыға күткен жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, шара соңы сынып сағаттарына ұласты.#Біртұтас_тәрбие