Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында
03
октябрь
2023

Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында

Маяковский атындағы орта мектебінде ардагер ұстаздарға арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты акция аясында, Ұстаз - ұлағатты ұғым. Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.Маяковский атындағы орта мектебінде «Ұстазыма мың алғыс» атты акция аясында талай жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнің мұғалімі болған ардагер ұстаз марқұм болған Сейтханов Мешитхан Сейтхановичтің еңбегі өлшеусіз. 
Ал, жолдасы Нурсолтанова Алтынгуль Аленовна қазіргі таңда ардагер ұстаз, немере мен шөбере ортасында отырған әже. Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады. Сіздер әр кез бала жүрегіне өз нұрынызды сеуіп, баламен балаша қуанып, бірге ән айтса, ән де айтып шаттана отырып оқушының бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіре білдіңіз. Алтынгуль Аленовна сізге жаңарыңыздан әрдайым нұр шашып, жүзіңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Отбасыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық тілейміз.