Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында
03
октябрь
2023

Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында

Маяковский атындағы орта мектебінде ардагер ұстаздарға арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты акция аясында, Ұстаз — қарапайым маман иесі болғанымен, олар әрқашан аты үлкен әріппен жазылуға тиісті ұлы тұлға, дара мамандықтың иесі. Даңқты спортшы не атағы әлемді дүркіреткен батыр болсын — барлығы ұстаз алдында басын иеді. «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Осы азықты оқушының бір бойына дарыта білген өз өмірінің қырық жылын ұстаздық жолына арнаған ардагер ұстазымыз Сапариянов Тохтар Толеумухановичты «Ұстазыма мың алғыс» атты акция аясында әріптестерінің атынан құттықтаймыз. Алдына алғаш келген әр оқушының бойынан талантын байқап, спортқа бейімі бар жас жеткіншекті баптап, бабына келгенде спорт бәйгесіне қосып тек жеңіс тұғырынан танылып отырдыңыз. Аудандық, облыстық, республикалық барлық спорттық жарыстарға оқушыларыңызды жетелей отырып тек жеңіс тұғырынан көрінген еңбегіңіз еленіп Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасымен, білім беру саласына елеулі үлес қосқаны үшін «Ұстаз» орденімен, «Спорт ардагері төсбелгісімен, Халық Қаһарманы Қ.Қайсенов медалімен, «Жарма ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталдыңыз. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз.