Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында
03
октябрь
2023

Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында

Маяковский атындағы орта мектебінде ардагер ұстаздарға арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты акция аясында, Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейді. Біздің сондай Ұлағатты ұстаз, әрі мектеп директоры қызыметін атқарған – Енкенов Турлыхан Манаевич. 1990 жылы еңбек жолында Маяковский атындағы орта мектепті басшылығында ұжымды басқарып қана қоймай, үлгі өңеге бере білген ұстаз. Қаншама шәкірттерге білім нәрін беріп, өмір жолдарына сәт сапар тілеген мектеп директоры. Шәкірт ғана емес, жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісіп, бағыт бағдар бере білген маман. Сізге мектеп ұжымының атынан жасаған еңбектеріңізбен, атқарған қызыметтегі еңбегіңіздің жемісі берекелі болуына, денсаулығыңыздың мықты, отбасыңыздың аман болуына тілектеспіз. ҚҰРМЕТТІ ТУРЛЫХАН МАНАЕВИЧ, СІЗДІ КӘСІБИ ТӨЛ МЕРЕКЕҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!